Жапонияда Суваносэ жанартауы атқылады
Жапонияда Кагосима префектурасындағы Суваносэ аралындағы жанартау атқылады, Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Киодо басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Киодо агенттігінің хабарлауынша, жанартау атқылауы салдарынан үшінші қауіптілік деңгейі туындаған. Жанартау кратерінен айналаға тастар ұшып жатыр. Тауға шығуға тыйым салынып, дағдарыс штабы құрылды.
Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Жапонияның батысында бірқатар ірі жер сілкіністері болды. Жалпы алғанда, екі сағат ішінде Исикава мен Ниигата префектураларында 30-ға жуық жер сілкінісі тіркелді, ең қуатты магнитудасы 7,6 болды. Сонымен бірге Жапония премьер-министрі Фумио Кисида жер сілкінісінен бері 40 сағаттан астам уақыт өткенін және зардап шеккендерді құтқару үшін уақытпен жарысып жатқанын хабарлаған едік. Жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны әлі көбеюі мүмкін.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті