Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда ер адам өз ұлын 20 жыл бойы торда қамап ұстаған

Жапонияда полиция Санда қаласының  Хёго перфектурасының 73 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өз ұлын 20 жыл бойы торда қамап ұстаған.

Жапонияда ер адам өз ұлын 20 жыл бойы торда қамап ұстаған

Бұл туралы NHK телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ёситанэ Ямасаки 42 жастағы ұлының психикалық қиындықтары болғанын алға тартуда.

Ер адам өз баспанасына жапсарлас салынған шағын үйге ұзындығы 1,8 метр, ені 0,9 метр, биіктігі бір метр болатын ағаш тор қойған. Үйдің еденіне жануарларға арналған төсеніштер жайылып, есігі құлыппен жабылған. Ямасаки ұлына екі күнде бір рет жуынып, өзімен бірге үйде тамақтануына рұқсат беріп тұрыпты.

Билік бұл жағдай туралы 2018 жылдың қаңтар айында білген. Бұл кезде қамқорлық қызметінің қызметкері Ямасакидің үйіне келіп, оның қайтыс болған әйелі туралы мәселелердің бірі жөнінде сөйлеспек болыпты. Қызметкер Ямасакиге келгенде, ұлы үйде болған екен. Алайда ол жартылай жалаңаш жүрген. Сонымен қатар қызметкер жерде бірнеше төсеніш жатқанын байқапты.

Мұндай жағдай Жапонияда алғаш болып отырған жоқ. 2017 жылдың желтоқсан айында Осака қаласында 15 жыл бойы қызын шағын бөлмеде қамап ұстаған ерлі-зайыпты ұсталған еді. Қыз қатты жүдеп, тоңып қалғандықтан, қайтыс болыпты. Оның қайтыс болған кездегі салмағы небары 19 келі болған екен.

Оқи отырыңыз:

Қытайдағы сауда орталығы бойжеткендерге жігіттерді жалға бере бастады

Ирландияда өлім жазасына кесілген ер адамға бір жарым ғасырдан кейін кешірім берілді

Ер адам AliExpress-тен сатып алған көзілдірігі үшін қылмыстық істің фигурантына айналды

Түркияда қазақстандық қыздардың құжаттарын тартып алып, секс-құлдыққа сатып келген

Талқылау