Жапонияда әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Жапонияның және әлемдегі ең қарт адам Томико Итоока 116 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Kyodo
Итоока 29 желтоқсанда қайтыс болды. Ол әлемдегі ең қарт адам атағын 2023 жылдың желтоқсанында 116 жастағы жапониялық Фуса Тацуми қайтыс болғаннан кейін алған еді.
Гиннес рекордтар кітабы оған 2024 жылдың қыркүйегінде ресми түрде ең қарт адам мәртебесін берді. Қазір әлемдегі ең қарт адам – 116 жастағы бразилиялық Ина Канабарро Лукас.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды