Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жанымызға бататын мұңнан арылдық": Әсел Сәдуақасованың экс-күйеуі ажырасуға қатысты пікір білдірді

Танымал актриса, кинопродюсер Әсел Сәдуақасованың бұрынғы күйеуі желіде жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Маркетинг саласының маманы актрисамен ажырасқанын растады. 

“Ішімде не болып жатқанын өзімнен басқа ешкім білмейді. Тіпті оны әдемілеп, жазып жеткізе де алмаймын. Осы жыл өсу мен трансформация жылы болды. Біз 2 қыркүйек күні ажырасуға өтініш беріп, 4 қазақ күні ресми екі жаққа кеттік. Жаз бойы ажырасуға өзімізді дайындадық. Биылғы жазғы мезгіл мен үшін өте ауыр өтті. Ажырасу – өліммен тең. Ажырасқандар біздегі сезімді жақсы түсінеді. Біз ажырасуға онлайн өтініш бергенде “Бірге тұруымызға көзқарасымыз сәйкес келмейді” деген пунктті таңдадық. Біздің оң жамбасымызға дөп түскен себеп еді. Бұл жағдайға ешкім де кінәлі емес. Екеуміз де арқамыздан жүк түскендей болып, жанымызға бататын мұңнан арылдық”, – деп жазды Мағжан Тілеуханов. 



Сондай-ақ әншінің экс-жұбайы оқырмандарына жақсылық тіледі. 

“Балиде өткізген төрт айымыз ұмытылмастай болды. Сол үшін бәріне алғыс айтамын. Әселге бәрі үшін рақмет айтамын. Ол менің өмірімдегі ең маңызды адам болып қала береді. Сенімен болған әр сәтім үшін бақыттымын. "Құдай сені жақсы көреді" деген сөз бізді барлық қиындықтан алып шықты", – деді маркетолог маман. 

Еске салайық, актриса күйеуімен екі жаққа кеткенін растап, жантебірентерлік жазба жариялаған еді. 

Талқылау