Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанболат студенттік шақта Жазираға ғашық болған жігіттер туралы айтты

Бүгінде елдің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира кезінде бір білім ошағында оқыған. Өнер ордасы табыстырған қос әнші бір жатақханада тұрып, аралас-құралас дос болған. Сол шақта Жазираға ғашық жігіттер көп болды деген Жанболат болашақ жарын қалай баурап алғанын әңгімелеп берді.

Бұл туралы “Той думан” арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Бір жатақханада көрші бөлмеде тұрдық. Қонақтар келетін бізге де, бұл кісіге де. Неше түрлі достарымыз келеді, бірігіп ән айтамыз, бір-біріміздің қонақтарымызды күтеміз. Сондықтан Жазираға қандай жігіттердің келгенін білемін», – дейді Жанболат ағынан жарылып.

Талай жігіт ғашық болған Жазираны Аралдың қара баласы жұмбақпен жаулап алған.

«Автобустың ішінде Абай даңғылымен келе жатқанда “Неке қию” сарайына келгенде: «Жүр осы жерден түсе салайық. Кейін бәрібір келеміз ғой», – деді. Содан түсіп, ар жағына жаяу бардық. Сондай әңгімелер айтты. Бірден: «Сені ұнатып қалдым. Жігітің болайын», – деген жоқ. Өзі қалжыңбас қой. Кейін: «Менің апамның келіні болған кезде сөйтесің ғой», – деген сияқты әңгімелер айтты. Содан түсіне қойдым мен де. Бірақ енді бірден қыдыра салған жоқпын.

Біздің бөлмедегі қыздарға жігіттер қыдырып, басқа оқу орнынан келетін. Сонда Жанболат есікті қағып, мені шақырып алатын. «Сен кішкентай қызсың. Ана үлкен қыздарға жігіттер келіп отыр. Саған олардың арасына отыруға болмайды әлі. Жүр одан да далаға шығып, серуендеп келейік», – деп алып кететін. Сөйтіп жүріп мені баурап алды. Бір-бірін көре салып, махаббат көзбен қарап, «менің қызым бол, жігітім бол, мен сені сүйем» деп басталған махаббат емес, бізде бәрі біртіндеп түсініксіз жұмбақпен, қалжыңмен келген махаббат болды. Енді Жанболатты момын деп ойлайды ғой бәрі, мен де момын деп ойлап бірге қыдыра бергем ғой. Қайдан білейін басымды айналдырып алатынын?» – деп күлді Жазира.

Жіберіп алмаңыз:

Нұртас Адамбай Google мен Facebook-те жұмыс істейтін қазақ жігіттері туралы айтты

Қос ұстазына өлең арнаған Мейрамбек Бесбаев ақындық қабілетімен таңғалдырды (видео)

Әкесі Димашты қытай қызына “үйлендіріп қойғандарды” жауапқа тартуды талап етті

Серік Ибрагимов “фонограммамен айтады” деп сынағандарға жауап берді (видео)

Талқылау