Найзағай, бұршақ, қатты жаңбыр: Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша 2024 жылғы 13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр сақталады, тек еліміздің солтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанған.
13 шілдеде республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстында, орталығында және солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп болжанады.
"40 ℃-қа дейін бармайды": Қазгидромет өкілі жазда ауа райы қандай болатынын айтты
Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +20+35°С-қа дейін төмендейді делінген. Қалған аймақтарда ауа температурасында күрт өзгерістер болжанбады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда шілде айына арналған ауа райы болжамы жарияланғаны туралы жазған едік.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
