"Жаңбыр жауып, жел тұрады": 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында қатты жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша екпінді жел күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, орталықта бұршақ жауып, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-батыста, оңтүстікте, орталықта жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.