"Жаңбыр мен бұршақ, найзағай болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет Қазақстан аумағы бойынша 11-13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото freepik
Синоптиктердің мәліметінше Иран аумағынан келетін фронтальды бұлттар еліміздің батыс аймақтарына жетіп, жаңбыр, найзағай мен бұршақ болады. Ауа температурасы төмендейді. Солтүстік, орталық аймақтарда өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Максималды температура біртіндеп 22-27 градусқа дейін жоғарылайды.
Сондай-ақ оңтүстік және шығыс аймақтарда тұрақсыз ауа райы болжанды. Бұл өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болады. Алайда термометрлердің бағандары күндіз біртіндеп 20-32 градус көтеріліп, жылиды.
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін молаға апарып ұрып-соқты деп айыпталды
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан
Әр велосипедтің құны 1,3 миллион теңгеден асады: Астана әкімдігі мұны не үшін алғанын түсіндірді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр