Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын айтты
Жақында киноға түскен әнші түсірілімдегі әріптестерімен тележүргізуші Тимур Балымбетовке сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/zhanar_dugalova
Тимур Балымбетов өзінің Instagram-дағы парақшасында сұхбаттан үзінді жариялады.
“Сіздер Жанар Дұғаловамен сұхбат сұрадыңыздар. Ол сұхбатқа келісті. Жанар алда болатын той мен бастан өткерген ота жайлы айтты”, – деп жазды ол.
Тимур Балымбетов әншіден: “Тұрмысқа шыққалы жатқаның рас па?” деп сұрады. Жанар тойдың ауылы алыс емес екенін айтып, күйеуге шыққалы жатқанын растады. Тележүргізуші таңданысын жасыра алмай, өнер иесін қуанышымен құттықтады. Бағдарлама жүргізушісінің: “Бұл жаңалықтан хабардарсыздар ма?” деген сауалына Жанардың кинодағы әріптестері: “Жоқ” деп жауап берді.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”