Жаңаөзендіктер үшін Астанада визалық режим енгізіле ме? Әкімдік жауап берді
Әлеуметтік желілерде Жаңаөзен және жиі наразылық танытатын қалалардың тұрғындарына Астанада визалық режим енгізіледі деген қауесет тарады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар жаңаөзендіктер мен республиканың "басқа да наразы қалаларының" тұрғындары үшін визалық режим енгізілетіні туралы жаңалықтарды бір-біріне лезде тарата бастады.
Алайда Астана әкімдігі мұны жоққа шығарды.
"Желіде елордада Қазақстанның наразылық білдірген қалаларының тұрғындары үшін визалық режим енгізілетіні туралы жалған хабарлама таратылуда. Астана әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Естеріңізге сала кетейік, жалған мәліметтерді тарату ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады", – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.
Фактчекерлер атап өткендей, мұндай қауесетті Qaznews24 ақпарат агенттігі таратты.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді
