Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған сәбиінің дауысын естіген әке 12 апта бойғы комадан есін жиды

Джонни Литтлу 23 жасында жұмыста абайсызда болған жағдайдың кесірінен миынан ауыр жарақат алған. Басына келіп тиген темірдің бір бөлігі оны ес-түссіз сұлатып түсіреді.

Бұл туралы Mirror хабарлайды.

Бұл уақытта оның әйелі Арлин декреттік демалысқа шығып, ана болуға дайындалып жүрген.

Күйеуінің аса ауыр жағдайда жатқанына қарамастан, Арлин оның жанынан бір сәтке де ұзамайды. Тек сәбиін босанар кезде бір аптаға ғана ауруханаға келіп, содан соң қайтадан Джоннидің жанына оралады. Бұл жолы Джей есімді ұлын да алып келеді. 

Бала палатаға анасымен бірге кірген кезде, әкесі ғажайып жағдайда көзін ашып оянған. Джонни қазір 30 жаста және ұлы өзінің өмірге оралуына себепкер болған жан деп есептейді. Ол қайтадан басынан бастап жүріп, сөйлеп, тамақ жеуді үйренді. Әрине, мұның барлығында сүйіктісі көмектесті.

“Мен үшін Арлин – ол аңыз. 17 жылдың ішінде екеуміз үнемі бірге болдық”, – дейді Джонни.

Толықтай ауруынан айыққан Джонни отбасын асырау үшін қайтадан құрылыс зауытында жұмыс істеп жүр. Ол сенім бар жерде барлығына қол жеткізуге болатынын айтады. Жақында Арлин оған екінші ұлды сыйлады.

Оқи отырыңыз:

Жапондар ерлерге арнап төстартқыш шығарды (фото)

Эйнштейн ашқан уақыт туралы жаңалықтың Құрандағы көрінісі

Меккеге велосипедпен шыққан қарияны шекарадан өткізбей кері қайтарды

Кінәсіз америкалық жігіт өзіне қатты ұқсайтын адамның кесірінен 17 жыл түрмеде отырды

Талқылау