Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылдық полицей басын қатерге тігіп қауіпті қылмыскерді құрықтады

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылының 40 жастағы тұрғыны мас күйінде аңшы мылтығымен екі көршісін атып салған.

Сағат 19.10-да ауыл инспекторы араққа тойып алған ер адамның аңшы мылтығымен 49 және 44 жастағы екі тұрғынды атып өлтіргенін хабарлайды. Сондай-ақ 16 жастағы тағы бір бала жараланған. Оны дереу ауруханаға жеткізген.

Оқиға орынына аудандық полиция бөлімінің басшысының міндетін атқарушы подполковник Мақсат Жаманқұлов бастаған топ жетеді. Осыдан соң Әбдуқадыров көшесіндегі №16 үйдің жанында күдікті қолға түсірілген.

“Полиция көлігін көрген соң қылмыскер оған қарсы ата бастады. Оның қаруын қайта қуаттап, кезекті атысын жасауға мүмкіндік бермеу үшін көлік рөлінде келе жатқан полиция подполковнигі Мақсат Жаманқұлов көлікті әлгі ер адамға қарсы бұрады. Соққыдан қылмыскер қаруын түсіріп алып, жасырынуға тырысты, бірақ полицейлер оны ұстап үлгерді”, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта сот алды тексеру жұмыстары басталып, қылмысқа баруының себептері анықталуда.

Оқи отырыңыз:

Ақсақал президент Назарбаевқа қалай сәйгүлік сыйлағанын айтып берді

Сыныптастарын ұрып, ұстазына қол көтерген оқушы диспансерге жатқызылды

Айгүл Болатханқызы: Біздегі бағдарламалар қазақты қайыршылыққа үйретіп жатқан сияқты

Ақтөбелік мүгедек бала әлеуметтік желі арқылы бизнесін дөңгелетіп отыр

Талқылау