Жамбыл облысында жоғалып кеткен балықшының денесі табылды
Төтенше жағдайлар министрлігі 10 ақпанда дронның көмегімен қамыстардың арасынан жоғалған адамдардың бірінің денесі табылып, жағаға шығарылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
"Билікөл көлінде Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары Қарабастау ауылының тұрғындарын іздеуді қайта бастады. Құтқарушылар әуесқой балықшыларды 10 күн бойы іздеді, кейін 21 қаңтарда ауа-райына байланысты іздеулер тоқтатылған еді", – делінген хабарламада.
Еске салайық, 11 қаңтар күні сағат 12:15-те Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының "112" телефон нөміріне Жуалы ауданы, Билікөл көлі маңындағы Қарабастау ауылының 1981 және 1987 жылғы тұрғындары қайыққа мініп, балық аулауға кеткені және олардан еш хабар жоқ екені жөнінде көмек сұрап, хабарлама түскен еді.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”