Жамбыл облысында су басқан үйлер саны 47-ге жетті: Тағы 400 аула су астында
Жамбыл облысы Жаңатас қаласында су астында қалған үйлер саны 47-ге жетті, тағы 1 әлеуметтік нысан және 400 аула аумағын су алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аудандық маңызы бар Жанатас-Саудакент автожолды су алуына орай жол жабылған.
“Су айдау және жол төсемінің топырағын арнайы техникамен көтеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ халыққа көмек көрсету бойынша жұмыс істеліп жатыр. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар және полиция департаменттерден 231 адам, 53 бірлік техника, 24 мотопомпа мен дрон жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
Қазір су деңгейі төмендеген. Құрбандар мен зардап шеккендер, мал шығыны жоқ.
“Зардап шеккен халықты қабылдау үшін М.Әуезов мектебінде 45 орын және орталық ауруханада 60 орын дайындалды”, – деп қосты ТЖД өкілдері.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды