Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалақы 100%-ға көтерілсін": Маңғыстауда мұнай сервис компаниясының жұмысшылары президентке бейнеүндеу жолдады

Маңғыстау облысында "Мобил Сервис Групп" ЖШС қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, билікке бейнеүндеу жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  Лада.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Lada.kz 

"Mobile Service Group" ЖШС қызметкерлері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басшысына, "Қаражанбасмұнай" АҚ басшысына және Маңғыстау облысының прокурорына бейнеүндеу жазды.

Үндеуде жұмысшылар өздерінің бірнеше талаптарын жеткізді.  Олар бұрын жұмыстан босатылған жұмысшыларды жұмысқа алуды, бағаның өсуіне байланысты жалақыны 100% (2 есе) арттыруды және жалақыны 12 сағаттық мөлшерлемемен белгілеуді талап етті.  Сондай-ақ, ауысым мерзімін 10 күнге дейін қысқартып, шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын вахталық жұмысшыларды автобустармен қамтамасыз етуді, "Қаражанбасмұнай" АҚ штатына Mobile Service Group қызметкерлерін қосу сынды талаптарын жеткізді. 

Сондай-ақ Mobile Service Group қызметкерлері "Қаражанбасмұнай" АҚ кәсіподақ ұйымының басшысымен кездесуді талап етті. 

"Егер біздің барлық талаптарымыз орындалмаса, біз 15 ақпанында жұмысты тоқтатамыз", - деді жұмысшылар.

Компания қызметкерлердің бейнеүндеуіне қатысты түсініктеме берді.

"20 қаңтардағы бейнеөтініш ұжымның пікірі емес, тек жеке тұлғалардың пікірі, мұның дәлелі 21 қаңтардағы ЖШС ұжымының тағы бір бейнеөтініші, онда еңбек жағдайларына келісім көрсетіледі", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ компания қызметкерлердің талаптарының көпшілігін "объективті себептерге байланысты" орындау мүмкін емес деп мәлімдеді.


 

Талқылау