Жаңбыр мен бұршақ: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК 6-8 шілде аралығында қалыптасатын күн райына болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай мен екпінді жел күтіледі.
“6-7 шілдеде орталықта және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады. 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.
Батыста және оңтүстікте күндізгі температура біртіндеп жоғарылайтыны болжанады: - +33, +42°С-қа дейін.
Ал еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта +22, + 35°С-қа дейін, солтүстікте +23, +30°С-қа дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20, +30°С-қа дейін аздап төмендеуі мүмкін", – делінген синоптиктер мәліметінде.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады