Зейнетақыны мерзімінен бұрын алуға өтінімдердің қабылдану уақыты айтылды
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алуға өтінімдерді қабылдау 8 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. Бұл туралы "Отбасы банкінің" Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Оның айтуынша, ол үшін зейнетақы жинақтарын алу ережелері бүгін бекітілуі тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бізде жақсы жаңалық бар: кеше біз қаржылық реттеу агенттігінің біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша арнайы ағымдағы шоттарды ашуға және жүргізуге арналған лицензиясын алдық. Біз осы лицензияны алған алғашқы банк болдық. Егер зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелері бүгін бекітілсе, онда 8 қаңтарда барлық нормативтік-құқықтық актілер қабылданған кезде біз іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деді Ләззат Ибрагимова өзінің Facebook-тегі парақшасында.
- Зейнетақыны алу үшін есептелетін жеткіліктілік шегі өзгертілді
- 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көтерілді
Айта кетейік, 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”