Зейнетақы қоры жыл басынан бері 154 миллиард теңге шығынға ұшыраған - Пірматов
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 154 миллиард теңге шығынға ұшырады. Себебі қаржы нарығындағы тұрақсыздық зейнетақы жинағы бойынша инвестициялық табыстарға кері әсер еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов қаржы құралдарының көпшілігі арзандағанын мәлімдеді. Ал теңге бес айда нығайған. Жыл басынан бері инвестициялық кіріс 154 миллиард теңгеге қысқарған. Сонымен қатар ол зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы табысы 4%-дан асқан дейді.
"Жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесінің табыс көрсеткіші мен инфляцияны ұзақ уақыт негізінде қарастырған жөн. Мысалы, соңғы бес жылда зейнетақы активтерінде жиналған табысы 53%, бұл кезде жиналған инфляция мөлшері 46,2% болған", – деді Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"