Ер азамат ұялы телефон жұтып қойып, жарты жыл жүрген
Египеттің Асуан қаласының тұрғыны ұялы телефон жұтып қойған. Ол іші ауыратынын айтып, дәрігерлер көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.

Ер адам Асуан университеті ауруханасының дәрігерлеріне іші ауыратынын айтып шағымданған. Тексеріс және рентген нәтижесі бойынша оның асқазанында бүтін ұялы телефонның бар екені анықталған.
Пациенттің айтуынша, ол телефонды жарты жыл бұрын жұтып қойған. Осы уақыттан бері іші ауырып, мазалап келген. Бірақ дәрігер көмегіне жүгінуге ұялған. Ер адам телефонды жұту себебін айтудан бас тартыпты. Асқазандағы телефон қимылдауға және ас қорытуға бөгет жасағандықтан ауру сезімі пайда болған.
Дәрігерлер оның асқазанындағы телефонды ота арқылы шығарған. Оның қазіргі жағдайы туралы хабарланбаған, бірақ дәрігерлер ер адамның толық айығып кететінін айтады.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болуы керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі