Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұшақта таныстық": Ерке Есмахан мен Мирас Жүгінісовтің суреті қызу талқыға түсті

Жуырда Ерке Есмахан жас әнші Мирас Жүгінісовпен ел-елді аралап, концерт ұйымдастырды. Әншінің айтуынша, екеуі гастрольдің алдында танысқан. Ерке әріптесімен таныстығы және оған деген көзқарасы жайлы желіде жазба қалдырды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мирас Жүгінісовпен осы ән-турнеге ұшарда, ұшақта таныстық. Танысқан сәттен әңгімеміз жарасып, сырласып, қалжыңдасып, дос болып алдық.

Музыкалық талғамы, Алла берген таланты, ата-анадан алған тәрбиесі бір бойына жиналған @zhugunussov.mj нағыз жігіт және нағыз шығармашылықтың адамы екен!

Продюсері @aden_margulan екеуі мақсаттарын айқын білетін, бір-бірін жақсы түсінетін керемет команда.



Жігіттерге өнердің биік шыңын тілеймін, қазақ музыкасына қосып жүрген үлестерің бағалана берсін! Жігіттер, әлда әлі талай аттанамыз ұзақ жолға!" –  деді Есмахан. 

Желі қолданушылары екеуінің суретін қызу талқыға салды.

"Көзқарас бөлек", "Қазақстанда ерекше орны бар әншілер", "Қандай сұлулық. Сіздерден әдемі туынды күтеміз", "Жарайсыз, енді танылып келе жатқан жас буынға қолдау беріп жүрсіз! Өнеріңіз өрлесін", "Еңбектерің жана берсін", - деп жазды желі қолданушылары.

Талқылау