Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада сарбаз бес жауынгерді атып өлтіріп, тағы бес адамды жаралаған: Жантүршігерлік видео жарияланды

Украинаның Днепр қаласында Ұлттық гвардияның әскери қызметкері жергілікті уақыт бойынша 03:40-та (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 07:40) бес қызметтесін атып өлтіріп, бесеуін жарақаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Украина ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға Днипрде Оңтүстік машина жасау зауытының аумағында болған.

"Полицияға Ұлттық гвардия сарбазының автоматты қарудан оқ жаудырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соның салдарынан төрт әскери қызметші мен бір әйел оқиға орнында қаза болды, тағы бес адам жарақат алды", – делінген ақпаратта.

Украина Ұлттық гвардиясының әскери қызметкері, мерзімді әскери қызметтегі сарбаз, 2001 жылы туған Рябчук Артемий Юрьевич қару-жарақ беру кезінде белгісіз себептермен Калашников автоматынан Ұлттық гвардия әскери қызметкерлерінің қарауылына оқ жаудырып, қарумен бірге ізін суытқан. 

Сондай-ақ кейінірек жарақат алған тағы бір адам қайтыс болғаны хабарланды.

Оқиға орнына дереу Ұлттық полицияның Днепропетров облысы бойынша басшылығы, жедел-тергеу тобы, криминалист сарапшылар, барлық салалық қызметкерлер шыққан.

Оқ атқан әскери 2021 жылдың күзінен бері Ұлттық полицияда қызмет еткен және оның мінез-құлқынан ешқандай ауытқу байқалмаған.

"Ол психологтар бақылауында болған әскери қызметкерлер тобына кірмеген. Оған оң мінездеме берілген. Қарауылға қызметке тағайындау – ауқымды процесс, олар тұрақты түрде психологпен сұхбат жүргізеді", –  деп хабарлады "Сирена" Украина ұлттық полициясының өкіліне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын Украина елінің Мемлекеттік тергеу бюросы және әскери прокуратура өкілдері анықтайды.

Қылмыстық іс қозғалды. Оқ атқан әскери өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Қылмысқа не себеп болғаны әзірше белгісіз. Ұлттық гвардия сарбазы Днепропетровск облысында ұсталды.

Талқылау