Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытаудағы мектептердің бірінде ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған іс-шара өтті

Ұлытауда №25  ЖББМ   "Білімді ұлт" ұлттық жобасы  аясында кабинет Монтессори  әдістемесі бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік беретін барлық құрылғылармен жабдықталған.

Оның негізінде сау балаларды ғана емес, денсаулығында кінәраты бар балғындарды да сауықтыруға болады. Сондықтан балалар үшін таңсық педагогика негізінен ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оңалтуда қолданылып келеді. 

"Білімді ұлт" ұлттық жобасы  аясында №25 ЖББМ инклюзияны қолдау кабинетінде 25 шілдеде бастауыш мектеп мұғалімі О.Ю.Плошенко "Ертегілер еліне саяхат" атты ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған іс-шара өткізді. Іс-шара барысында балалар ертегі әлеміне саяхат жасап, қызықты ертегілермен танысып, рольдік ойындар ойнады. Іс-шараны өткізуге Монтессори кабинетіндегі құрғақ  хауыз, шарлар, құмды үстел қолданылды.

Мектеп кітапханасында ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған "Ғажайып әлемінде" атты  бұрыш ұйымдастырылды. Көрменің мазмұны оқушыларды әуен әлемімен, қоршаған ортаны сүюге, білім әлеміне жол көрсетеді.

Талқылау