Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыңды ойламайсың ба? Желі оқырмандары шаш үлгісін өзгерткен Қайрат Нұртасты сынға алды

Отандық әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі жазылушыларының сынына қалды. Олар ұлы Нарұл ауырып жатқанда жаңа шаш үлгісін жария еткені үшін әншіні айыптады.

Алайда оның жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова қазір әкесі ұлының қасында екенін, баланың өзін жақсы сезінетінін айтып, жанкүйерлерін жұбатты.

Күні кеше Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлының ауырып қалғанын хабарлады. Балаға жеті жасында жүрегіне ауыр ота жасатқанын, жақында кеудедегі ауырсыну қайталанып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Жұлдыз Нарұлдың денсаулығына қатты алаңдайды. Ол осындай жағдайда қолдау білдіргендердің барлығына алғысын білдірді.

Осы уақытта Қайраттың парақшасында жаңа сурет пайда болды. Әнші шаш үлгісін өзгерткен суретін жариялады. Желідегі оқырман ұлы ауырып жатқан кездегі әншінің әрекетін сынға алды.

“Қайрош, фото жариялаудың қажеті жоқ, Жұлдыздың қасында бол, баласын уайымдап жүр", "Нарұлды ойла, балаларды ойла", "Нарұл ауырып жатқанда не болды?", "Нарұлға ауруханаға бардың ба? ?", "Жұлдызбен, Нарұлмен бірге жүгіріп жүрген адам бар ма, ал сен мына жерде суретке түсіп жүрсің, ұят емес пе?", "Жұлдызға қазір көмек керек", - деп жазды олар.


Талқылау