Арбатта ән айтқан Төреғали Төреәліні жұрт танымай қалды
Отандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Төреғали Төреәлі ерекше образбен ел алдына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі Арбат алаңында шал болып, ән айтты.
“Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға. Бүгін кешке бірдеңе бүлдіреміз. Осындай шал болғанша елге қызмет ету бұйырсын!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер өкілінің ерекше образын талқылап жатыр.
“Төрештен осындай шок контент ғана күтеміз”, “Не істесе де, айналасына адам жинала қалады”, “Төреғали тентек болғанымен, халық жақсы көреді”, “Ұлы Арбат атасы болды”, “Даусынан бірден таныдық”, “Керемет идея екен”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.
Еске салайық, "Бейберекет түкіре бермеңіздер" деп Төреғали Төреәлі қазақтың ырым-тыйымдарына қатысты пікір білдірген еді.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты