"Ұлан Қонысбаев арнайы келді": Балжан Бидаш туған күнін дүркіретіп атап өтті
Танымал әнші Балжан Бидаш жаңа жасын дүркіретіп қарсы алды. Өнер иесін құттықтауға отандық шоу-бизнес өкілдері жиналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/
Әнші туған күнін Esentai Mall сауда орталығының төбесіндегі қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен. Шоу-бизнес жұлдызын барша жақындары мен өнердегі достары құттықтап келген. Олардың арасында Фариза Ескермес, Айнұр Ілиясова, Жарқынай Ханайым, Жазира Еркін, Серік Ибрагимов, Жұлдыз Өмірғали, Айдай Исаева, Әсел Сағатова, Еркеш Хасен, Зарина Кармен, Тұрар Ыдырыс, Альбина Шардарова, Ғаділбек Жанай және тағы басқалары бар.
-
"Той көйлегін таңдаймыз": Балжан Бидаш тосын жаңалығын жария етті
-
"Жаханмен ажырасқалы 4-5 ән шығардың": Балжан Бидаштың су жаңа әні ел талқысына түсті
Айта кетейік, көп қонақтың ішінен ерекше көзге түскені, футболшы – Ұлан Қонысбаев. Ол “Егіз-лебіз” жобасында әншімен бірге өнер көрсеткен еді.
“Балжанның туған күніне арнайы келдім. Шақырғаныңа рақмет! Барлығыңызға бақыт тілеймін. Отбасыларыңыз аман болсын!”, – деп тілек айтты футболшы.
“Керемет кештің гүлі болдық. Күйеуім менің би конкурсына қатысқанымды бірінші рет көріп отыр. Ұмытылмас кеш сыйлаған Балжанға рақмет”, – деп жазды актриса Фариза Ескермес.
Еске салайық, "Айтқан әңгімелерін енді түсіндім" деген Балжан Бидаш экс-продюсері Баян Мақсатқызымен әсерлі видео жариялаған еді.