"Ұл балалар қызды дәретханаға сүйреп кіргізген": Тараздағы мектеп интернат сұмдық жағдайды жасырып қалған (видео)

Видеодан скрин
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда бірнеше ұл бала қызды дәретханаға тартып кіргізіп, сосын кабинаны жауып жатқаны көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжановтың айтуынша, қыз дәретханадан қателескен. Содан кейін балалар оны кабинаға сүйреп әкелген. Бірақ оған қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасалмаған.
Балалар омбудсменінің айтуынша, мектеп әкімшілігі бұл оқиғаны жасыруға тырысқан.
Бұл оқиғаны интернаттың әкімшілігі жоғары органдардан, білім беру басқармасынан, облыстық полиция департаментінен барлығынан жасырған. Қазір комиссия тексеру жүргізді. Тәрбиешілерге, мұғалімдерге, әкімшілік пен директорға тәртіптік жаза қолданылды.
Қазір қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ оны ата-анасының қалауы бойынша басқа мектепке ауыстырған.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді