ҰҚК Қарағанды мен Таразда радикалды исламшыларды ұстады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылдың 27 қаңтарында Қарағанды және Тараз қалаларында терроризмге күдіктелген деструктивті діни ағымның 5 мүшесін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, соттың мақұлдауымен олар 2 айға қамауға алынды. Күдіктілер бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған.
Бұл адамдарға террористік топты құру, басшылық ету және оның қызметіне қатысу (Қылмыстық кодекстің 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (Қылмыстық кодекстің 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеушілердің айтуынша, бұл топ республика аумағында, соның ішінде халық көп жиналатын жерлерде террористік актілерді жасау мақсатында құрылды.
Тергеу жалғасуда.
Зейнетақы жинағын қай компанияға аударған тиімді: 2026 жылғы табыс пен тәуекел
Бұған дейін жеке компанияға тек 50%-ын беру мүмкін еді
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"