ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мәсім К.К., Садықұлов А.Т., Ерғожин Д.Е., және т.б. Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі, 179-бабы, 2-бөлігі, 208-бабы, 3-бөлігі, 362-бабы, 4-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігі бойынша қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 7 айға – 06.08-2022 жылға дейін, Ерғожинді қамауда ұстау мерзімі 13.08.2022 жылға дейін ұзартылды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты түсініктеме берген.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген