Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Бишімбаевты жалпы тәртіптегі түрмеге ауыстырады

Түркістан облысының Төле би аудандық сотында соталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың өтініші қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Қуандық Бишімбаев

Сурет: turkystan.kz

Еске сала кетсек, таяуда Қуандық Бишімбаев жазасын жұмсартуды сұрап, өзін қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берген еді.

Сот оны қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырудан бас тартты. Бишімбаев жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтейтін болады.

«Олар қоныс-колониясына ауыстыру туралы сұрады. Алайда ол ҚР ҚК 189-бабының 4-тармағына сәйкес сотталған. Бұл бап бойынша жазасын қауіпсіздігі орташадан төмен емес мекемеде өтеуі тиіс. Сондықтан сот осындай шешім қабылдап, өтінішін ішінара қанағаттандырды. Ол өзі қалаған колонияға ауыса алады. Ол осында немесе тұрғылықты орны бойынша болуы мүмкін», – дейді судья Нұрмахан Жорабеков.

Еске сала кетсек, Қуандық Бишімбаев пара алды деген айыппен 10 жылға сотталған  еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау