Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Wildberries астана атауының өзгеруіне байланысты қазақстандықтарға миллиондаған айыппұл салды

Ресейлік Wildberries маркетплейсі қазақстандық кәсіпкерлерге миллиондаған айыппұл салды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Осы платформа арқылы сауда жасайтын елордалық кәсіпкерлер ақпан айының соңынан бастап айыппұлдар келгенін айтты.

15 наурызда ондаған кәсіпкер не болғанын анықтау үшін Астанадағы компания қоймасының жанына жиналды. Айтуларынша, сайттың техникалық қолдауы жауап бермейді.

"Wildberries есептерде бәрі басқа қоймаға жөнелтілгенін жазады. Басқа қандай қойма? Бізде ол жалғыз. Ешкім ештеңе білмейді. Біреуге 20 мың, біреуге миллион, біреуге 14 миллион айыппұл келді. 25% алып қана қоймай, айыппұлдарды да беуіміз керек пе?!", – деді кәсіпкер Марина Гончаренко.

Қазақстандық серіктестерді ресейлік компанияның қоймасына кіргізбеді. Қойма күзетшісі басшылық диалог жүргізуден бас тартқанын мәлімдеді.

Компанияның Қазақстандағы ресми өкілдігі жоқ. Заңгер Шыңғыс Темір компанияның таныс қызметкерімен байланысып, жағдайды түсіндіруге тырысты.

"Қойманы таңдау кезінде жүйе Нұр-Сұлтан қоймасын автоматты түрде таңдады, дегенмен Астана қоймасын таңдау қажет болды. Бұл – техникалық мәселе. Енді маркетплейс осы есептеулерді қайта қарауға дайын екендігі туралы ақпарат келіп түсуде. Алайда “мерекелер қарсаңы”, “мерекелерден кейін” деп жүріп, ақша қайтарылмауы да мүмкін", –  деді Шыңғыс Темір.

Сауда және интеграция министрлігі отандық кәсіпкерлерге көмектесе алмайды. Айыппұлдарға қатысты сотқа жүгінуге кеңес беріледі.

"Кейбір заңнамалық актілерге электрондық сауда шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сауда алаңдарының қызметін реттеу бөлігінде өзгерістер, толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осының аясында маркетплейстер жосықсыз тәжірибелердің тәуекелдерін жою бойынша шаралар қабылдайды", – деп түсіндірді МТИ цифрландыру департаменті директорының орынбасары Руслан Оразалиев.

Бұл түзетулер қоғамдық талқылаулардан өтті және жақын арада Үкіметтің қарауына жіберіледі.

Бір күн бұрын Ресейдің бірнеше аймақтарында маркетплейстің тапсырыс беру орындарында ереуілдер жарияланды. Наразылық білдірушілер маркетплейстің жаңа айыппұл саясатына риза емес. Алайда Wildberries баспасөз қызметі тапсырыс беру пункттері әдеттегідей жұмыс істейтінін хабарлады.

""Ереуіл" туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тапсырыстарды шектеусіз алуға болады", – деп РБК компанияның баспасөз қызметі.

Талқылау