WhatsApp-та ақша аудару қызметі пайда болды
Facebook америкалық компаниясы WhatsApp платформасында электрондық төлем қызметін іске қосты.

Бұл туралы америкалық бағдарламашы және кәсіпкер Марк Цукерберг хабарлады. Әзірге мессенджердің жаңа мүмкіндіктерін тек Бразилия тұрғындары бағалай алады. Ақша аударымдарын жіберу және қабылдау енді фотосуреттерді жіберу сияқты қарапайым қызмет болатындығы айтылды.
«Біз сонымен қатар шағын бизнес өкілдеріне WhatsApp-та тікелей сатылым жасауға мүмкіндік береміз», - деп атап өтті Цукерберг.
Бұрын хабарланғандай, WhatsApp мессенджерін жасаушылар жаңа іздеу функциясын күні бойынша сынап жатыр. Жазылушылар іздеу режимінде күнтізбе белгішесін пайдаланып жазбаларды жіберу немесе алу күнін таңдай алады.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”