Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Volkswagen қызметкерлері жалақының және жұмыс орындарының қысқаруына байланысты ереуілге шықты

Volkswagen зауыттарының қызметкерлері жалақыны қысқартуына байланысты жаппай ереуілге шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: shutterstock

Германиядағы IG Metall кәсіподағы жұмыс шарттары мен 120 мың қызметкердің жалақысына байланысты туындаған дауға байланысты Батыс Германиядағы барлық ірі Volkswagen зауыттарында ескерту ретінде ауқымды ереуілдер жариялады.

Кәсіподақ өкілдері алдағы күндері барлық зауыттың жұмысы уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұған дейін тараптар мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысқанымен, нәтиже бермей ереуілге шығуға алып келді.

Бұл ереуілге дейін Вольфсбург пен Цвикау қалаларында бейбіт келіссөздер кезеңі өткен. Бірақ ол нәтижесіз аяқталып, акцияларға ұласты. Вольфсбургтегі Volkswagen штаб-пәтері алдында кәсіподақ қоңырау соғумен шара ұйымдастырса, Цвикауда қызыл түтінді шашкалар қолданылды.

"Volkswagen қызметкерлерінің ашуын тудырған негізгі себеп – жалақыны 10%-ға қысқарту жоспары, зауыттарды жабу қаупі және жаппай жұмыстан босату мәселелері", – деп жазады басылым.

Volkswagen IG Metall ұсынған жұмыс орындарын қорғау мақсатында арнайы қор құру идеясынан бас тартып, бұл мәселені шешпейтінін мәлімдеді.

Келесі келіссөздер 9 желтоқсанға жоспарланған. Кәсіподақ бұл қақтығысты компания тарихындағы "ең күрделі жанжалдардың бірі" деп атауға дайын екенін жеткізді.



Еске салайық, бұған дейін Жезқазғанда "Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны" АҚ жұмысшылары ереуілге шыққанын жаздық. Кәсіпорын қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етіп отыр. Ереуілдің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кәсіпорын ғимаратының алдындағы жұмысшылардың ереуілі екінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Қызметкерлердің айтуынша, оларға екі айдан астам уақыт бойы әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары төленбеген, бұл өз кезегінде жұмысшылардың несие алу және дәрігерге бару секілді жағдайларда қиындық туындатып отыр.

Талқылау