Вирус жұқтырған: Астанада Қытайдан келген 1600 гүл өртелді
Астанада Қытайдан келген 1600 гүл өртелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Астана халықаралық әуежайындағы фитосанитарлық бақылау пунктінің жұмысшылары гүлдер қауіпті зиянкес жұқтырғанын анықтағар.
1600 қалампыр Қытайдан әкелінген.
"Іріктелген сынамалар Республикалық өсімдіктер карантині орталығына карантиндік зертханалық сараптама жүргізу үшін жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша қалампырлардан батыс гүл трипсі инфекциясы анықталды", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Мамандар әкімшілік хаттама жасап, істі сотқа жібергені атап өтілді.
Ауданаралық мамандандырылған соттың шешімімен өнімдер өртелді.
Бұған дейін Астанада Түркиядан әкелінген гүлдердің үлкен партиясы жойылған болатын.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"