Вице-министр Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты
Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Сот Эльмира Суханбердиеваны кінәлі деп танып, оған 2 500 АЕК (6 млн 312 мың 500 теңге) көлемінде айыппұл жазасын тағайындады. Сонымен қатар шенеунік мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Суханбердиева лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деп айыпталды (ҚР ҚК 361-бабы, 3-тармағы және 364-бабы 3-тармағы).
Сотқа дейінгі тергеу барысында Суханбердиева қамауда болды. Ол сотқа тергеу изоляторынан жеткізілді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған