"Үй сатып алғым келеді": Актер Дәурен Серғазин жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын айтты
Белгілі актер Дәурен Серғазин Асхат Садырбайға берген сұхбатында әлі күнге дейін жекеменшік баспанаға жете алмай жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/dauren_sergazin
"Жалдамалы пәтерім бар. Сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін жылжымайтын мүлік қой. Толық ақысына сатып алсаң болады. Жалдамалы пәтер, бірақ сенікі емес. Үй сатып алғым келеді. Мүмкіндік болса, сатып алуға болады. Ең бастысы, ешкім қуып жатқан жоқ. Тұратын жерім бар. Жекешелендіруге құлшынып тұрған жоқпын. Мүмкін, жағдайға да байланысты шығар. Тұрмыстық іске келгенде жалқаулаумын. Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Бірақ тұрмыстық мәселені ойлаудан кенжелеп қаламын", - деді Дәурен Серғазин.
Актер елордадағы “Жастар” театрында қызмет етеді. Айтуынша, айлығы 200 мың теңгенің айналасы. Айта кетейік, бұл театрдағы ең көп айлық.
Қазақстан оқушылары әлем және көрші елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"