Елімізде утилизациялық алым жинайтын "Оператор РОП" қызметі тоқтатылды
Қазақстан үкіметі "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"ӨКМ Операторы" ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражатты басқару аясындағы қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді", – делінген хабарламада.
Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясын мемлекеттік ұйым – "Жасыл даму" АҚ орындайды.
2021 жылдың соңында утилизациялық алым ставкасы мен көлік бағасына наразы болған қазақстандықтар утилизациялық алымды алып тастау талабымен петицияны іске қосты.
Ал жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және "Оператор "РОП-тың" қызметін тоқтатуды тапсырды. Президенттің пікірінше, бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет.
Су жаңа Құрылтай қалай жұмыс істейді және заң қалай қабылданады
Сарапшының пікірінше, бір палаталы жүйе заң қабылдауды жеделдетуі мүмкін
"4 миллион теңге айыппұл төледім": 2026 жылы Қазақстанда білім грантын өтеу үшін нені білу керек
Университетті енді тәмамдаған түлектер грант өтеуі туралы нені білуі керек?