Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үсті-басын үтікпен күйдірген: Талдықорған тұрғыны екі күн бойы әйелін азаптаған

Талдықорғанда азаматтық некедегі күйеуі мастықпен әйелін аяусыз сабап, үсті-басын үтікпен күйдірген. Денесінің сау тамтығын қалдырмапты. Телефонын тартып алып, екі күн бойы үйде қамап ұстаған. Алған жарақаттарынан келіншек бірнеше рет есінен танып тұрған. Туыстарының айтуынша, бұл жағдайға орынсыз қызғаныш түрткі болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеп хабарлайды.

"Білмеймін, ешкімнің миына келмейтін жағдай ғой, үстін күйдіру таң атқанша деген. Анау қалай шыдаған деймін да. Оны пәтерде тастап кеткен. Есіктің бәрін жауып алған. Кілтті алып алған. Телефонды алып алған. Ана қыз ешкімді шақыра алмаған. Енді ол ана жағдайда қалай шақырады. Талып қалған қайта-қайта. Соққаннан тала бергем дейді. Білмеймін есімді дейді. Содан кейін жедел жәдем шақырған ба, сондай. Маған айтпаған ол жағдайды. Мен ол жағдайды кеше ғана білдім", – дейді жәбірленушінің сіңлісі Мөлдір.



29 жастағы келіншек жедел жәрдеммен бірден қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Кейін тәртіп сақшыларын шақырып, күйеуінің үстінен арызданған. Қазір бұл оқиға бойынша, 33 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс жүріп жатыр. Жәбірленушінің денсаулығына орташа деңгейде қасақана зиян келтіргені үшін ер адам жауапқа тартылмақ. Арнайы сараптама да тағайындалған. Ал жәбірленуші қазір ауруханада.  

"Науқас кеше бізге түсті. Урология бөліміне жатқызылды. Екі бүйректің қабынуы. Қосымша науқаста кеудесінде және қолдарында, аяқтарында күйген жерлер бар. Енді, бүгін тағы да қосымша тексереміз. Қазір жағдайы орташа ауырлықта. Барлық емін алып жатыр", – дейді қалалық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Асқар Садықов. 

Талқылау