Үш жасар бала бассейнге батып бара жатқан досын құтқарды
Бразилияның Итаперуна қаласында Артур есімді үш жасар бала бассейнге құлап, батып бара жатқан бір жасар досын құтқарды. Әлеуметтік желілерге видеожазбаны кішкентай батырдың анасы Полиана Консоль де Оливейро жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Артур досының өмірін, үш жүректің қуанышын сақтап қалды. Бұл 30 секундтық ұқыпсыздық болды, бала анасынан кетіп, бассейнге жалғыз барған. Мен ұлыма шын жүректен ризамын және оны мақтан тұтамын", — деп жазды ол Facebook-те.
Видеоны көрген желі қолданушылар ерекше әсерге бөленгенін, баланың ерлігіне бас игендерін жарыса жазды. Ролик әлеуметтік желілерде тез тарады, жергілікті полиция оған назар аударды. Тәртіп сақшылары Артурға барып, оған тәттілер себетін, жаңа баскетбол добын және "Батырлардан батырға" деген жазуы бар сертификат берді.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған