Үш қызметкер жараланды: Нұр-Сұлтан әуежайындағы атысқа қатысты жаңа деректер айтылды
Жоспарланған жаттығулар кезінде «Нұр-Сұлтан» халықаралық әуежайы қызметкерлерінің жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 3 желтоқсанда Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы аумағында жоспарлы жаттығу кезінде күзет қызметкері қаруды ұқыпсыз қолданғандықтан ерікті түрде оқ атқан. Осы оқиғаның салдарынан үш әскери қызметші жарақат алды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ақпаратқа сәйкес, олардың бірі ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Тағы екеуі орташа жарақат алды. Олар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінде емделуде. Осы оқиға бойынша ішкі қызметтік тергеу жүргізілуде. Көліктегі ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген