"Үш ай тұрып келдік": Баян Мақсатқызы Дубайдан оралды
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы денсаулығына байланысты шетелге көшіп кеткен еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі екі қызын алып, Дубайға қоныс аударған еді.
“Үш ай өте шығып, елге келдік. Тіпті, көлік жүргізуді ұмытып қалыппын. Дубайға көшіп кеткен едік. Желтоқсан айында бір келіп кеттім. Өйткені осы жақта киноларыма қатысты шаруаларым болды. Тез келіп, тез кеттім. Ол жақтағы кішкентай қыздарыма асықтым. Енді міне, күн жылынып жатқанда қайтып келдім. Жалпы, жылдың алты айында шетелде, алты ай елде боламыз. Қыздарым әлі ештеңені түсініп жатқан жоқ. Тау қайда, теңіз қайда екенін білмей жатыр. Бірақ елге оралғанымызды сезеді”, – деді продюсер.
-
"Ақшасын аяған жоқ": Салтанат Байқошқарова екі рет ана атанған Баян Мақсатқызын көпке үлгі етті
-
"Сіңлің қара жамылып отыр": Баян Мақсатқызы жартылай жалаңаш фотосын көрсетіп, халықтан сөз естіді
Айта кетейік, Баян Алагөзова қазақстандық дәрігерлердің қатесінен дұрыс ем қабылдамағанын айтқан еді.
“25 жылдан бері қыс мезгілінде ауруханаға жатамын. Бұл сұмдық емес пе?! Отандық дәрігерлер созылмалы бронхит деген диагноз қойған. 25 жылдан бері күресіп келемін. Ал пневмония болып аурғаннан кейін екі жыл денсаулығым қалыпқа келмеді. Сондықтан қыс келгенде қатты қорқамын”, – деді кинопродюсер.