Үш баласы үшін барын салған әкенің баспана алу арманы орындалды

Төлеген Өтегенов 2017 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрды. II топтағы мүгедектігі бар азамат үшін баспана мәселесі жылдар бойы шешімін күткен маңызды мәселелердің бірі болды.
2019 жылы жұбайынан айырылған Төлеген Мырзакаримұлы үш баласын жалғыз тәрбиелеп келеді. Отбасы жылдар бойы пәтер жалдап тұрып, баспаналы болатын күнді күтті. Балаларының амандығы мен болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алған әке үшін тұрақты баспананың болуы ерекше маңызды еді.
Биыл көптен күткен қуанышты сәт те келді. "Отбасы банк" пен әкімдіктің қолдауының арқасында Төлеген Мырзакаримұлы Сәтбаев қаласынан үш бөлмелі мемлекеттік арендалық пәтер алды.
Үш бөлмелі пәтер енді балалардың әрқайсысына жайлы жағдай жасауға, отбасының күнделікті тіршілігін реттеуге мүмкіндік береді. Жылдар бойы жалдамалы пәтерді паналап келген отбасы үшін бұл — тұрмысын түзеп, ертеңге сеніммен қадам басуға берілген үлкен мүмкіндік.
Төлеген Мырзакаримұлының оқиғасы баспана күтудің артында әр отбасының өз тарихы, өз уайымы мен үміті бар екенін еске салады. Ал бұл шаңырақ үшін жаңа үй – үш баланың жанында болып, оларды тәрбиелеп, бірге өсіп-жетілуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретін мекен.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді