Ұлды болғысы келген әнші Заттыбек қалың жұртшылықты жиып, көкпар берді (фото, видео)
Әнші Заттыбек Көпбосынұлы шаңыраққа ат байлар ұл келсін деген ниетпен қалың жұртшылықты жиып, көкпар берді. Көкпар Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлды болғысы келген Заттыбек Көпбосынұлы ОҚО Бәйдібек ауданында көкпар берді.
Күні бұрын көкпар өтетін орынды көрсеткен әншінің өзі жиында 3 мың адам болатынын айтты.
«Қасиетті Қаратаудың етегі, Бәйдібек бабамыздың жайлауы. 1 500 ат, 3 мың адамды елестете беріңіздер», – дейді видеода Заттыбек Көпбосынұлы.
Дүбірлі шараға жиылған қауым арасында әнші Асхат Тарғын, актер Ерболат Төлеген бар.
Мұнан кейін көкпарға куә болған өнер жұлдыздары дүбірлі сәттің суреттері мен видеоларын жарыса жариялап жатты.
Оқи отырыңыз:
Астанада 7 жасар баланы анасы алып кетті
Балиева: 7 жасар баламен кездескісі келетіндерге бір шартым бар
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды