Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада 600-ден аса қазақстандық эвакуацияны күтіп отыр - СІМ

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2 наурызға 660 қазақстандықтан елге эвакуациялау туралы өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Украина аумағынан шекара арқылы осы күндері 450-ден аса адам шығып үлгерді. Киев пен Львовте топ жиналады деп күтілуде. Бүгін тағы 80-ге тарта адам шекарадан өтеді. Сол жақта қалып қойған біздің жүргізушілерге қатысты мәселелер бар", – деді сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев. 

Алысқа қатынайтын 50 жүргізушіден әзірге 19-ы шекарадан асып өткен. Қалғандарына қатысты жұмыстар жүргізілуде. Ведомство олардың қайда екенін анықтап, мемлекеттік органдармен келісіп, "жасыл дәліз" бойынша келісуде. 


"Барлық жерде жарылыс болып жатты": Украинадан оралған қазақстандықтар бастан кешкендерін айтып берді


"Біздің елшіліктің қазіргі басты мақсаты – сол жақта қалып қойған отандастарымызға көмек көрсету. Елшілік есебінде 1600-ға жуық адам тұр", – деп атап өтті Нұрышев. 

Ал Қазақстанның Украинадағы елшілігінде елшімен қосқанда 8 адам қалып отыр. 
 

Талқылау