"Украина үлкен держава емес": Трамп Аляскадағы келіссөзден кейін Зеленскийге кеңес берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийге қақтығысты реттеу үшін Ресеймен келісім жасауға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп Путинмен өткен келіссөздерден кейін Мәскеумен келісімге келу Украинадағы жағдайды шешудің кілті болатынын айтты. Ол Зеленскийге Ресеймен келіссөз жүргізіп, ымыраға келудің жолдарын қарастыру қажет екенін айтты.
Трамп Зеленскийге Ресеймен мәміле жасауға кеңес беріп: "Ресей өте үлкен держава, ал Украина ондай емес. Ресейдің ядролық әлеуеті зор, мұны ескеру қажет", – деді.
АҚШ президентімен әңгіме барысында Зеленский де "оқ атуды толық тоқтату" және украиналық әскери тұтқындарды босату қажеттігін айтты.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”