Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет резервінің қаржысына қылышаға қарсы қосымша 1 миллион вакцина сатып алынады

Үкімет резервінен қызылшаға қарсы тағы 1 миллион доза екпе сатып алынады. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mavink.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда комитет төрағасының орынбасары қазан айының аяғында қызылшаға қарсы 370 мың доза вакцина болғанын айтты. 

"Қосымша иммунизацияға 1,5 миллон адам жататынын ескеру қажет. Бұл – жасы 60 айдан аспаған 353,7 мың нәресте, 2-4 жас аралығындағы 944 мың бала. Екпе алатын жасында вакцина алмаған 65,3 балаға екпе жасау керек. Одан бөлек 136,8 мың медицина қызметкері бар", - деді комитет өкілі. 

Ведомсво өкілі атап өткендей, үкімет резервінің қаражатына тағы 1 миллон доза екпе мен шприц сатып алынады. Бұған дейін 500 мың доза сатып алынған. Ол осы айдың ортасында жеткізіледі.

Брифинг барысында комитет төрағасының орынбасарынан БАҚ өкілі, халық ішінде қызылша екпесіне сенім төмен екенін айтып, тағы вакцина сатып алудың қаншалықты тиімді екенін сұрады. 

"Мен олай пессимистік тұрғыда ойламаған болар едім. Өйткені қазір баласына екпе салғызушылар көп. Бүгіннің өзінде жасы 6-11 ай аралығындағы 14 мыңнан астам бала вакцина алды", - деді Зәуре Ахметова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 727 мектепте балалар қызылша жұқтырғанын жазған едік. 

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға қызылшаның таралуына қатысты да үндеу жасаған болатын.

Ал, денсаулық сақтау министрінің орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қызылша Қазақстанның барлық аймағына тарағанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қызылша ауруының тез таралуының себебін түсіндіріп берген еді. 

Талқылау