"Уимблдонда" жеңіске жеткен Рыбакина қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның “Уимблдон” финалында жеңіске жеткені қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Vesti.kz басылымының мәліметінше, беделді турнирде жеңіске жеткені үшін 23 жастағы Рыбакина екі миллион фунт стерлинг (бір миллиард теңгеден астам) алады.
Елена Рыбакинаның өзі "Газета" басылымына “Уимблдонда” жеңіске жеткендегі әсерімен бөлісті.
"Мен матч алдында қатты қобалжыдым. Оның біткеніне қуаныштымын. Мен мұндайды ешқашан бастан өткерген емеспін. Бүгін маған көп жүгіруге тура келгені сонша, енді фитнеспен айналысудың қажеті жоқ", – деді Рыбакина матчтан кейін.
Британдық журналист Рыбакинаның "Уимблдон" жүлдесінен Ресейде салық төлейтініне наразы болды
Қазақстандық спортшының жеңісіне қатысты Тунис теннисшісі Онс Джабер де пікір білдірді.
"Еленаны құттықтаймын, ол тамаша ойнады. Командасымен тамаша өнер көрсетті. Елена бүгін менен титулды ұрлап әкетті, бірақ ештеңе етпейді. Жеңілгенімен қапамын", – деді матчтан кейін Жабер.
Еске салсақ, қазақстандық спортшы 23 жастағы Елена Рыбакина "Уимблдон” финалына өтіп, “Үлкен дулығаның" соңғы кездесуінде әлемдік рейтингтегі №2 теннисші Онс Жаберді жеңді.