Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

UFC-де Азат Мақсұмды жеңген жауынгер Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды

UFC Fight Night 235 турнирінде Азат Мақсұмды жеңіп кеткен америкалық Чарльз Джонсон Асу Алмабаевқа қарсы жұдырықтасқысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Азат Мақсұм мен Жалғас Жұмағұловты UFC тұжырымы аясында жеңген америкалық спортшы Чарльз Джонсон тағы бір қазақстандық спортшыға қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Азаттың мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеген Джонсон содан кейін қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жеткен еді. Енді ол рейтингте үздік ондыққа кіру үшін Асу Алмабаев, Алекс Перес немесе Стив Эрцегке қарсы жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін биыл қазанда АҚШ-тағы UFC Fight Night 245 турнирінде бразилиялық Матеус Николауға (19-4-1) қарсы өткізіп, жеңген еді. Осылайша Алмабаев UFC-де 4-рет жеңіске жетіп, рейтингте 7-орынға жайғасты. 

Даурен Түлкібай
Сейсенбі, 12 Қараша, 2024 12:39