Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 миллион теңге пара алған: Антикор ТЖМ лауазымды қызметкерлеріне қатысты тергеуді аяқтады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ТЖМ өртке қарсы қызметінің басшысына қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.

антикор

Фото: KazTAG

ТЖМ өртке қарсы қызметінің төрағасы, Шымкент және Жетісу облыстарының ТЖД басшыларына қатысты тергеу аяқталды.

"Лауазымды тұлғалар жүйелі түрде бизнес өкілінен жалпы сомасы 40 миллион теңгеден астам пара алды деп айыпталды. Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", – делінген хабарламада.

Пара көлемі 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейінгі аралықта.

Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске сала кетейік, ТЖМ жоғары лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін 2023 жылдың жазында ұсталды.

2023 жылғы 21 шілдеде сот ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасын, Шымкент және Жетісу облысы ТЖД бастықтарын қамауға алған еді.

Талқылау