"Тұмсығы, тілі мен мүйіздерін бөлшектеп сатқан": Түркістан облысында ақбөкенді атқандар жазаға тартылды
Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген ақбөкендері атып алғандар жаза арқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Істі қараған Бәйдібек аудандық сотының төрағасы төрт адамның әрқайсысына 3 жыл 6 айдан жаза кесті.
Мотоциклге мінгескендер сәуір айында ұсталған. Олар мемлекетке 26 млн теңгеге жуық зиян келтірген. Ұсталғандар сирек кездесетін және құрып кетудің алдында тұрған ақбөкенннің тұмсығы, тілі мен мүйіздерін де арнайы бөлшектеп салып алғаны әшкереленген еді.
Аңға шыққан 30 бен 50 жас аралығындағы төрт адам – Созақ ауданының тұрғындары. Сотталғандардың ешбірі тұрақты жұмыс істемейді деді сот төрағасы. Олар киіктерді "Қабақ" деп аталатын мал жайылымынан атып алыпты.
Алматы облысында жүзге жуық ит асыраған ер адамды өлтіріп кеткен
Жануарларды қорғаушылар ер адамның желке тұсынан оқ атқанын айтты
Тұтқындарды босату бойынша ел тарихындағы алғашқы операция: Өлім жазасына кесілген қылмыскерлер бүтін автобусты қалай басып алды
Операция болған кезде Қазақстан тәуелсіздік алғанына бірнеше ай ғана болған