Тұмауға қарсы вакцина коронавирустан көмектесе ме?
Маусымдық тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар COVID-19-ды жақсырақ қабылдайды немесе жеңіл аурумен ауырады деген ақпаратты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растамайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ДДСҰ-ның ресми өкілі Тарик Язаревичтің айтуынша, бұл фактінің сенімділігі туралы ғылыми дәлелдер жоқ.
Бұған дейін Қытайдың денсаулық сақтау өкілі жапондық тұмауға қарсы дәрі-дәрмек "Фавипиравир" жаңа коронавирус тудырған пневмонияны емдеуде тиімді екендігі туралы айтқан болатын.
Коронавирустың жаңа түрі COVID-19-дың өршуі 2019 жылдың желтоқсан айының соңында белгілі болды. 11 наурызда ДДҰ COVID-19 пандемиясымен жаңа коронавирус инфекциясы туралы хабарлады. Хабарламаларға сәйкес, қазірдің өзінде әлемде 234 мыңнан астам адам жұқтырған, 10 мыңға жуығы қайтыс болған.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"